Следующее

«Сиқырлы ас үй». Фрикадельки / «Қазақ» салаты (Гүлнұр Оразымбетова)

6 Просмотры· 10/04/19
Олег С.
Олег С.
2 Подписчики
2

Фрикадельки:
1) Фарш - 300 г;
2) Жұмыртқа - 1 дана;
3) Болгар бұрышы - 3 дана;
4) Пияз - 1 дана;
5) Кетчуп - 50 г;
6) Сарымсақ - 1 дана;
7) Балдыркөк;
8) Тұз;
9) Бұрыш.
Дайындау әдісі: Фаршқа ұсақтап туралған болгар бұрышын, сарымсақ пен жұмыртқаны қосып араластырып, дөңгелектеп пішінін келтіру қажет. Пиязды ұсақтап турап, қыздырылған өсімдік майында қуырып, кетчуп қосып, су құйған жөн, Сосын оған тұз, бұрыш қосып, дайын болған фрикаделькаларды салып пісіру керек. Болгар бұрышы мен балдыркөкті ірі етіп турап, қызып тұрған өсімдік майында сарымсақ қосып қуырған дұрыс. Арнайы ыдысқа дайын болған болгар бұрышын, балдыркөк пен фрикаделькалары салып ұсынған жөн.

«Қазақ» салаты:
1) Қой еті - 250 г;
2) Ас бұршақ - 150 г;
3) Лимон - 1 дана;
4) Құрт - 1 дана;
5) Пияз - 1 дана;
6) Салат жапырағы;
7) Көк шөп.
Дайындау әдісі: Қой етін өсімдік майында қуыру қажет. Салат жапырағы мен көк шөптерді қолмен үзіп, лимон шырыны мен өсімдік майын құйып араластыру керек. Оны арнайы ыдысқа салып, қуырылған етті қосқан жөн. Үстіне ас бұршақ пен үккіштен өткізілген құрт сепкен дұрыс. Соңында пиязбен әсемделіп ұсынылады.

Показать больше

 0 Комментарии sort   Сортировать по


Следующее